25 Мамыр – Соңғы қоңырау мерекесі Соңғы қоңырау 25 мамыр – мектеп өміріндегі ең ерекше әрі әсерлі күндердің бірі. Бұл күні оқу жылы аяқталып, оқушылар мен ұстаздар үшін маңызды кезең қорытындыланады. Әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін бұл күн – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын тарихи сәт. Мектебімізде өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы көтеріңкі көңіл-күйде ұйымдастырылды. Мерекелік жиын барысында мектеп әкімшілігі, ұстаздар және ата-аналар оқушыларға жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнады. Үздік оқушылар марапатталып, белсенді шәкірттердің жетістіктері атап өтілді. Түлектер өздерінің жүрекжарды алғыстарын ұстаздарына білдіріп, мектеппен қимастық сезімдерін жеткізді. Әсем әндер шырқалып, мерекелік қойылымдар ұсынылды. Биылғы оқу жылын табысты аяқтаған барлық оқушыларды құттықтай отырып, түлектерімізге жарқын болашақ, сәттілік пен биік белестер тілейміз!

26.05.2026
Просмотров: 3014


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу